Қазақстанның қай өңірі дауыс беруде көш бастап тұр?

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Құрылтай сайлауына дауыс беру жалғасып жатыр. Қазақстанның қай өңірі дауыс беруде, көш бастап тұр?
Бірер минут бұрын жарияланған деректерге сәйкес, осы уақытқа дейін ел бойынша 8 240 404 азамат өз таңдауын жасап үлгерген. Бұл – жалпы сайлаушылар санының 65,37%. Өңірлер бойынша 81,38%-бен қызылордалықтар көш бастап келе жатыр. Бұл облыс 2 сағат бұрын да басқа аймақтардан да оқ озып тұрған болатын. Қарқыны қатты екені бірден көзге түседі. Осы жерде үздік үштікке тоқтала кетсем. Екінші орында ШҚО келе жатыр. Одан кейін Абай облысы жайғасқан. Ал ең төменгі көрсеткіш қай өңірде? Ол, әрине, Алматы. Бұл жерде пайызбен есептелген белсенділік. Дауыс берген адам саны бойынша оңтүстіктегі астанамыз біраз облысты артта қалдырады.

Дауыс беру кешкі 8-ге дейін жалғасады. Еліміз бойынша 10 423 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сондықтан өз таңдауыңызды жасауға әлі де уақыт бар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал #Құрылтай #Сайлау #ТікелейЭфир #Курултай #выборы #дебаты #прямойэфир #Новости #Новости2026