Халықаралық байқаушылар Құрылтай сайлауы ашық әрі сенімді өтті деп бағалады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Халықаралық байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауын ашық әрі сенімді өтті деп бағалады. Жаңа Құрылтай билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, елдің дамуына үлес қосатынына сенім білдірді. Еске сала кетейік, Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауын жалпы 777 халықаралық байқаушы бақылады. ШЫҰ байқаушылар миссиясында алты мемлекеттен 17 байқаушы болды. Ал ТМД миссиясы құрамында 8 байқаушы қатысты.
АЛЕНА БУЛГАКОВА, РФ ОСК МҮШЕСІ:
— Біз Аcтана мен Ақмола облысындағы ондаған сайлау учаскесін аралап, сайлау учаскелерінің ашылуы мен жабылуына дейінгі процесті бақыладық. Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындықты жоғары бағалаймыз. Әр сайлаушы өз ойын еркін әрі саналы түрде білдіруге мүмкіндік алды. Сайлау процесі Қазақстан заңнамасына және халықаралық стандартқа сай өтті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал