Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
«Адамдардың кезекте тұрғанын көрдік». Халықаралық байқаушылар Құрылтай сайлауына баға берді. Дауыс беру барысын бақылаған шетелдіктердің қатарында Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының өкілдері, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия парламенттерінің депутаттары, сондай-ақ Ресей өңірлерінің сайлау комиссияларынан келген мамандар бар. Бүгін олар Алматыдағы Халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығында брифинг өткізіп, сайлауға қатысты пікірін білдірді. Байқаушылардың айтуынша, дауыс беру тыныш өтті, елеулі заң бұзушылықтар тіркелмеген.
ХИКМАТ МАМЕДОВ, ТҮРКПА ГУМАНИТАРЛЫҚ МӘСЕЛЕ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
— Біз алты сайлау учаскесінде болдық. Ешқандай заң бұзушылықты байқамадық. Барлығы заң талаптарына сай өтті. Дауыс беруге кедергі болған жоқ, халықтың белсенділігі де жақсы. Бүгін бес саяси партияның бес пайыздық межеден өткені белгілі болды. Меніңше, бұл – жақсы нәтиже әрі Қазақстан халқының таңдауы.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.