Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Шымкентте бағдаршамға тоқтаған көлікке шабуыл жасағандарға қатысты сот басталды. Атышулы қылмыстық іс бойынша 6 айыпталушы сот алдына келді. Тапа-тал түсте қаланың қақ ортасында болған шабуылдан бір адам қайтыс болып, тағы екі ер адам зардап шеккен еді. Күдіктілер қайтыс болған жәбірленушінің денесін қала маңындағы ауылдың біріндегі аурухананың автотұрағына тастап кеткен. Айыптау актісіне сәйкес, күдіктілер жәбірленушілер қашып кетпес үшін бағдаршамда тұрған көлікті артынан соғып жол апатын жасаған. Сол жерде марқұм Василий Колесников мінген көлікке шабуыл жасаған. Жәбірленушілерге күш көрсетіп, ұрып соғу, пышақ қолдану арқылы бас аймағынан, кеуде тұсынан, шүйдесінен, жарақат келтіріп, қабырғасын сындырған. Сондай-ақ Колесниковты көлікке күштеп отырғызғып, оқиға орнынан бой тасалаған.
МҰХТАР АРЫСТАНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:
— Осы қылмысты жасау үшін күдіктілер өзімен бірге тергеумен анықталмаған пышақ жіне тапаншамен қару алып, қылмыстық әрекеттері әшкереленбес үшін бетпердемен жарақталып алған. Өздері мініп келген автокөліктен тез арада түсіп, араздық уәжі бойынша бұзақылық ниетпен аса қатігездікпен адамды ұрлаумен ұштасқан алдын ала сөз байласқан адамдар тобына қасақана адамды өлтіру ниеттерін жүзеге асыруға кіріскен. ҚК 99-бабы 2-бөлігі 3,5,7,9,11-тармақтары, 125-бабы 2-бөлігі 1,3,4 тармақтары, 293-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін айыпталады.
Қанды оқиға 20 қаңтар күні қаланың орталығындағы Рысқұлов пен Ерімбетов көшелерінің қиылысында болған. Төбелеске қатысушыларға айналадағы толған бейнебақылау камерасы да, бағдаршамда тұрған көліктер мен жүргізушілер де кедергі болмаған. Қазір 6 сотталушы қылмыстық кодекстің «бұзақылық, адам ұрлау және адамдар тобымен, аса қатігездікпен адам өлтіру» баптарымен айыпталып отыр.
ТАЛҒАТ ЕСИМОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІ ТАРАПТЫҢ АДВОКАТЫ:
— Екі адамды Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы іздеп жатыр. Оларды ұстау – уақыттың ісі. Әкесі ешкімге кешірім беріп жатқан жоқ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.