Ақтөбедегі көпір жаяу жүргіншілер үшін қауіпті деп танылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Ақтөбеде қаланың ескі бөлігіндегі көпір жаяу жүргіншілер үшін қауіпті деп танылды. Әсіресе балалары үшін алаңдаған тұрғындар өткелді видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп, сақ болу керегін ескертіп жатыр. Нысанның мұндай күйге түсуіне не себеп? Ол қашан жөнделеді?
Бұл – Ақтөбеде қаласындағы ірі көпірдің бірі. Қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді. Темірбетон құрылымында бірнеше тесік пайда болған. Қоршауы да берік емес. Ал бұл жерден жаяу жүргіншілерден бөлек, балалар велосипедпен жиі қатынайды. Сондықтан халық аса сақ болу керектігін ескертеді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміндегілер аталған мәселеден хабардар. Шенеуніктердің айтуынша, жақын арада жаяу жүргіншілер өткеліндегі тесіктер бетонмен бітеледі. Ал нысанды реконструкцияланады. Ол үшін келесі жылы жобалық-сметалық құжаттары әзірленбек.

ЕСЕТ КЕНЖЕБЕК, ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:
— Заречный көпірінде автомобиль жолдарының жолағында көліктер кедергісіз қатынап жатыр. Дегенмен жаяу жүргінші жолағында дефектілер бар екені анық. Тамыз-қыркүйек айларында жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды.

Шаруа басталғанша, тұрғындардың қауіпті өткелмен жүрулеріне тура келеді. Жалпы, бүгінгі күні шаhарда 50-ден астам автомобиль көпірі бар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал