ШҚО-да электр желісі жөнделіп, жарықтың өшуі 5 есе азайды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

250 шақырым электр желісінің иесі кім? Үш күнге дейін жарықсыз қалған Шығыс Қазақстан тұрғындарының мәселесі шешімін тапты. Қаладағы 85 шақырым желі жөнделіп, электр қуатының өшуі бес есе азайған.
Иесіз қалған 250 шақырым электр желісі әкімдіктің балансына берілді. Яғни 30-дан астам электр тарату желісі мен трансформаторлық қосалқы станция жөндеусіз пайдаланылып келген. Энергетикалық коммуникацияға жауапты маман болмаған. Салдарынан жарық бір сөніп, бір жанып тұрғындардан маза кеткен. Жөндеу-қалпына келтіруге бюджеттен 180 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды. Қала тұрғындары өзгерісті қазірдің өзінде байқаған.
ЛАРИСА МОКИНА, РИДДЕР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Жарық қайта-қайта өшетін. Кейде үш күн бойы жарық болмай қалатын. Әрине, адамдардың біреуі түсінсе, енді біреуі бұл жағдайды түсіне бермейтін. Үлкен жұмыс жүргізілді, қазір жарығымыз тұрақты жанып тұр. Бәріміз ризамыз. Тіпті қатты жаңбыр жауып, бұршақ та болды. «Қазір жарық өшіп қалады-ау» деп ойладым. Бірақ өшкен жоқ!

ДУМАН РАХМЕТКАЛИЕВ, РИДДЕР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
— Бізде бірінші, алтыншы және жетінші аудандар ең проблемалы болатын. Яғни болмашы жел соқса да, бірден электр жарығы өшетін. Бірақ жүргізілген жұмыстардың арқасында электр энергиясының өшуі бес есе азайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал