Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Жамбыл облысында мемлекетке қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалып жатыр. Қордай ауданындағы ауылға ауызсу тартылып, Үлкен Сұлутөрде жаңа медициналық пункт салынды. Қайтарылған қаражат есебінен тағы қандай жобалар жүзеге асуда?
Ауызсу арман еді. Қордай ауданындағы Қарасай батыр ауылына су желісі тартылғанына тұрғындар қуанды. Қазір мұнда магистральды су құбырының құрылысы аяқталуға жақын. Жобаның жалпы құны – шамамен 2,5 миллиард теңге. Қаражаттың негізгі бөлігі Арнайы мемлекеттік қордан бөлінген.
ӘНУАР ӘПСЕЙІТОВ, ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— 500 кубтан екі резервуар салынды. Қазіргі таңда гидроизоляция, қайта көму жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар фильтрациялық құрылғысы 100% дайын. Жалпы, құрылыс-монтаж жұмыстарын пайызбен есептегенде 80% бітіп тұр.
Ал осы өңірдегі Үлкен Сұлутөр ауылына да қайтарылған қаражат есебінен заманауи медициналық пункт салынды. Бұған дейін мұнда тұрғындарға 65 жыл бұрын тұрғызылған ескі амбулаторияда медициналық көмек көрсетілген. Нысан қазіргі талаптардың ешқайсысына сай келмеген. Енді жағдай өзгерді. Мұнда екі ауылдан шамамен 3 мың тұрғын медициналық көмек алады.
ЖАНДОС ӘБДІБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
— 85 мыңнан астам тұрғын, оның ішінде шалғай аудандардағы 5 мыңға жуық адам сапалы медициналық көмек алуда. Сонымен қатар облыста 15 ауызсу нысанының құрылысы аяқталып, Тараз қаласы мен жеті ауданның 20 мыңнан астам тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылып отыр.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және басқа да медициналық нысандар салу бойынша тағы 8 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл да қайтарылған қаражат игілігі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.