Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында топ жарған оқушылар мен студенттерге құрмет көрсетілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21 лауреатпен кездесіп, оларға ел абыройын асқақтатып жүргені үшін алғысын білдірді. Биыл қазақстандықтар 44 халықаралық олимпиада мен ғылыми сайысқа қатысып, мыңнан астам медаль жеңіп алған. Оның 200-ден астамы – алтын. Ал халықаралық физика олимпиадасында бақ сынаған бес оқушының бесеуі де алтын медаль иеленді. Мемлекет басшысы дарынды жастарға қолдау жалғасатынын айтып, олардың елдің ғылымы мен технологиясын дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді. Салтанатты рәсімде жеңімпаздарға алтын, күміс және қола медальдары үшін тиісінше 1500, 1000 және 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай сыйақы сертификаты табысталды, ал үздік ұстаздар мемлекеттік наградамен марапатталды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.