Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қостанайда қаңғыбас жануарларға арналған мемлекеттік орталық салу жоспарланып отыр. Қазір қаладағы бірнеше орталықтың барлығы жекеменшік, ал мұнда ондаған итке тұрақты күтімге мұқтаж. Жаңа ғимаратта жануарларды емдеп, бейімдеп, жаңа иелеріне беруге дайындау көзделген. Сондай-ақ иттермен кинологтар жұмыс істеп, жануарлар көмегімен терапия жүргізу жоспарлануда. Мемлекеттік орталыққа деген қажеттілік қаңғыбас иттердің шабуылынан зардап шеккен тұрғындар санының артуына байланысты күшейіп отыр.
АНАСТАСИЯ СЕРИКОВА, ЗООВОЛОНТЁР:
— Біріншіден, бұл барлық талапқа сай жануарларға арналған уақытша орналастыру орталығы болады. Әр деталь жан-жақты ойластырылады. Қателіктің бәрі ескеріліп, қаңғыбас иттерге еуропалық үлгідегі ғимарат тұрғызамыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.