Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік және шығыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Жел де күшейеді. 26-27 тамызға қараған түні шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр қарға ұласуы ықтимал. Ал батыс пен оңтүстікте жауын-шашынсыз, негізінен құрғақ ауа райы күтіледі.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Жауын-шашынға қарамастан, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының жоғарылауы сақталады. Жаздың соңғы күндері негізінен жылы болады: солтүстікте күндіз ауа температурасы +25…+32°С, орталық және оңтүстік өңірлерде +25…+35°С, шығыста +16…+24°С-тан +20…+31°С-қа дейін жоғарылайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.