Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
БЕС ПАРТИЯ ҚҰРЫЛТАЙҒА ӨТТІ
Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысы белгілі болды. Жеті партияның бесеуі 5 пайыздық межеден өтті. Енді 145 депутаттық мандат партиялар арасында қалай бөлінеді?
ЖОЛДАҒЫ ЖАНЖАЛДЫҢ СОҢЫ
Шымкентте жолдағы жанжалдан 40 жастағы ер адам қаза тауып, төрт күдікті ұсталған еді. Бүгін Колесниковті өлтіру ісі бойынша сот басталды. Прокурор айыптау актісін оқиды.
КӨНЕ КӨПІР ЖЫРЫ
Шұрық-тесік көпір. Шайқалған қоршау. Ақтөбедегі негізгі өткелдің жағдайы тұрғындардың үрейін туғызды. Бұл жерден көлік те, велосипедші де өтеді. Әкімдік көпірді қашан жөндейді?
ЖАРЫҚСЫЗ ҮШ КҮН
250 шақырым электр желісінің иесі кім? Үш күнге дейін жарықсыз қалған Риддер тұрғындарының мәселесі шешімін тапты. Қаладағы 85 шақырым желі жөнделіп, электр қуатының өшуі бес есе азайған.
ҚАҢҒЫБАС ИТКЕ ЖАҢА ОРТАЛЫҚ
Қостанайда қаңғыбас жануарға арналған орталық салынып жатыр. Мұнда итті емдеп, бейімдеп, жаңа иесіне табыстамақ. Бұл бастамаға не түрткі болды? Орталықта тағы қандай жұмыс атқарылады?
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.