Риддерде мотоцикл айдаған қыз арқанға ілініп, қаза тапты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Жантүршілерлік жол апаты. Шығыс Қазақстанның Риддер қаласында 13 жастағы қыз мотоциклмен келе жатып, жолға тартылған аттың арқанына соғылып, оқиға орнында қаза тапты. Мотоциклде болған екінші жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция жолға арқан тартқан тұрғынды ұстады. Қазір тергеушілер аттың жол жиегінде неге жүргенін және кәмелетке толмаған қыздың мотоциклді қалай басқарғанын анықтап жатыр.
ҒАЗИЗ НҰРАЛИН, ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Жануардың иесі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қылмыстық істің тергелуі Шығыс Қазақстан облысы департаменті бастығының бақылауында. Полиция ауылшаруашылығы жануарларының иелеріне мал жаюдың белгіленген талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал