20 жастағы қызды бұрынғы жігіті 12 рет пышақ сұғып өлтірген

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Абай облысында 20 жастағы Дильназ Жұмағұлова бұрынғы жігітінің қолынан қаза тапты. Күдікті бойжеткенді түнгі уақытта көшенің қақ ортасында бірнеше рет пышақтап, денесін отыз екі метр жерге дейін сүйреп тастаған. Мәйітті таңға жуық балық аулауға шыққан ауыл тұрғыны көріп, полицияға хабарлады.
Жалғыз қызынан айырылған Дильназ Жұмағұлованың анасы әлеуметтік желіге үндеу жариялады. Ондағы мақсаты бойжеткенге 12 рет пышақ сұғып, басынан тепкен қасқөйге қатаң жаза беруді талап ету. Өйткені пышақ қан тамырларын кесіп, өкпесін тесіп жіберген.

ДИНАРА АТАЕВА, ДИЛЬНАЗ ЖҰМАҒҰЛОВАНЫҢ АНАСЫ:
— Басынан ұрған, 12 рет пышақ сұққан дейді. Мәйітханадан алып келгенде бетін де ашпады. Өйткені бет-жүзінің көретін жері болмаған. Сараптамаға да кіргізбеді. Көруге де рұқсат бермеді.

Дильназ Жұмағұлованы өлтірді деген күдікті – жиырма жастағы жігіт. Бір мектепте оқыған. Анасының айтуынша, екеуі бұрын қыз бен жігіт болып жүрген. Кейін араласпай кеткен екен. Жігіттің қылмыс жасағанда мас болмағаны, есірткі қолданбағаны, қандай да бір дәрі ішпегені белгілі болды. Психиатриялық немесе наркологиялық есепте де тұрмаған.

ДИНАРА АТАЕВА, ДИЛЬНАЗ ЖҰМАҒҰЛОВАНЫҢ АНАСЫ:
— Оған тым жеңіл жаза тағайындалып отыр. Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі, яғни қасақана адам өлтіру бабы бойынша айыпталған. Менің ойымша, бұл қылмыс аса қатыгездікпен жасалған. Біздің соттан сұрайтынымыз бір ғана нәрсе. Оны аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру қылмысының екінші бөлігі бойынша айыптауын сұраймыз. Біздің бар тілегіміз осы.

ЕРЖАН ТЕЛЬЖАНОВ, ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Абай облысы полиция департаменті Бородулиха ауылының жиырма жастағы тұрғынының қаза балу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілгенін хабарлайды. Күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды.Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп тексеру аяқталды. Процесске қатысушылар қылмыстық материалдармен танысуда. Танысудан кейін қылмыстық іс қылмыстық процесс заңнамасына сәйкес белгілі тәртіппен сотқа жолданады.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Әлем аралауды армандаған Дильназ Жұмағұлова жас жігіттің құрбаны болды. Аңырап қалғаны туыстары ғана.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал