Петропавлда қаржысы қолды болған көпірдің құрылысы аяқталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Петропавлда қаржысы қолды болған көпір ел игілігіне берілді. Жобаны аяқтау үшін мердігер өз ақшасын жұмсаған. Еске салайық, «Жұмысшы кентін» облыс орталығымен байланыстыратын теміржол өткелінің құрылысы 2023 жылы басталып, жоспар бойынша бір жылдан соң аяқталуы тиіс еді. Алайда алғашында тендерді ұтып алған компания басшысы атқарылмаған жұмысты қағаз жүзінде аяқтап, жалған актілерді рәсімдеумен айналысқан. Осылайша ол 2 миллиард теңгені жымқырған. Қазір аталған фактіге қатысты қылмыстық іс жалғасуда. Салдарынан жоба сағызша созылып кетті. Қазір өткел үстімен қозғалыс ашылды. Көпірдің жалпы ұзындығы бір шақырымнан асады. Енді айнала абаттандырылып, жол бойына аялдамалар орнатылады.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ҚАЛА ӘКІМІ:
— Шамамен 1,1 миллиард теңге көлемінде қаржы қалған болатын. Ол толықтай қазіргі мердігерге төленді. Ал қалған жұмыстың барлығы бюджеттен тыс қаражат есебінен жүргізілді. Енді қылмыстық іс аяқталғаннан кейін келтірілген шығын анықталады. Содан соң есеп айырысамыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал