Премьер-министр мемлекеттік органдарға бюджет қаражатын тиімді пайдалануды тапсырды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттырып, қаржылық тәртіпті күшейтуді тапсырды. Оның айтуынша, мемлекеттік ресурстар ең алдымен халық алдындағы міндеттемелерді орындауға, экономиканы, өңірлерді және адами капиталды дамытуға бағытталуы тиіс. Алдағы үш жылда әлеуметтік салаға жыл сайын 10 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр. Тағы 7 триллион теңгеден астам қаражат өңірлерді дамытуға бағытталады. Сонымен қатар Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап, жыл қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімін кемінде 5 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуді көздеп отыр. Премьер-министр атап өткендей, барлық бюджеттік бағдарлама әкімнің міндеті – жұмсалған әр теңгенің қайтарымын арттыру.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал