Оңтүстік өңірде электр жарығы не себепті жаппай өшті? Тергеу жүріп жатыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Оңтүстік өңірде электр жарығы не себепті жаппай өшті? 14 тамызда Қазақстанда болған ауқымды электр қуатының үзілу себептерін арнайы құрылған мемлекеттік комиссия анықтап жатыр. Тергеу барысында Орталық Азияның энергожүйесіндегі ақау Қазақстанның электр желілеріне қалай әсер еткені анықталуы тиіс. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Еске салайық, сол кезде еліміздің сегіз өңірі жарықсыз қалған болатын. Электр қуаты Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Жетісу облысында, сондай-ақ Қарағанды, Ұлытау және Абай облысында өшті. Энергетика министрлігінің мәліметінше, апаттық қорғаныс жүйесі тиімді жұмыс істеген. Қазақстанның энергожүйесін қалпына келтіруге операторға шамамен екі жарым сағат қажет болған. Ал қазір еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі электр энергиясының тапшылығын ескере отырып, министрлік жаңа генерация нысандарын іске қосуды аяқтап жатыр.
ЕРЛАН АҚКЕНЖЕНОВ, ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:
— Қазір бір нәрсе анық – Орталық Азияның біртұтас энергетикалық аймағындағы ауытқу Тоқтоғұл ГЭС-індегі осы екі энергоблоктың ажыратылуынан басталғаны белгілі. Одан кейін Алматы қаласында электр қуатының не себепті өшкенін, Қазақстандағы электр желілерінің қалай жұмыс істегенін комиссия анықтап, өз қорытындысын жасап, толық жариялайды. Қырғызстан тарапы Тоқтоғұл ГЭС-індегі екі энергоблоктың ажыратылғанын жоққа шығармайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал