«Іле-Балқаш» резерватына жіберілген жолбарыс жабайы табиғатқа бейімделіп келеді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

«Іле-Балқаш» резерватына жіберілген жолбарыс өз қорегін өзі тауып, аң аулай бастады. Жыртқыштың бұл әрекеті қуантты. Демек, Үміт жаңа мекенін жатсынбай, жабайы табиғатқа бейімделіп келеді. Оның әр қадамы мен бағытын мамандар бақылауда ұстап отыр. Ал аталық жолбарыс ветеринарлық тексерістен кейін табиғат аясына жіберіледі. Содан кейін қос шөнжік 18 айға дейін мамандардың бақылауында өседі.
ЖАНСЕРІК ЕЛУБАЙ, «ІЛЕ-БАЛҚАШ» МТР ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жолбарысты жібермес бұрын мойнына спутниктік қарғыбау таққан болатынбыз. Қазіргі таңда мамандар сол құрылғы арқылы жолбарыстың күнделікті жүріс-тұрыс, қозғалысын, табиғи ортаға бейімделуін қадағалап отыр. Қалыпты, жағдайы тұрақты.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал