Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Жұмыс орнында төтенше жағдай болды. Қарағандыда зақымданған құбырды жөндеп жатқан жұмысшыны топырақ басып қалды. Дер кезінде құтқарушылар жеткен.
Қазылған орда кәріз құбырын жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бір сәтте су шайған траншея қабырғасының бірі опырылып түскен. 23 жастағы жұмысшы топырақ астында қалды. Денесінің басым бөлігі жердің астында қалғанымен, ол басын топырақтан шығарып үлгерген. Жұмысшы қатты қорқып қалғанын айтқан, алайда ауруханаға жатудан бас тартты.
СЕЙІЛ АХТАЕВ, ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ:
— Жер қазып жатқан 2003 жылы туған жұмысшы топырақ астында қалып қойған. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жігітті суға толған топырақты траншеядан алып шықты. Сосын жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.