Ұлдана Мырзуанның ісі: ОСИ төрағасы Сәуле Жұбаниязованың қорғаушылары сөз сөйледі

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта Меншік иелері бірлестігінің төрағасы Сәуле Жұбаниязованың қорғаушылары сөз сөйледі. Адвокаттар сотқа дейінгі тергеу барысында заң бұзушылықтар болғанын айтып, өтінішхат берді. Істе ОСИ төрағасының әрекеті мен қайғылы оқиға арасындағы байланыс дәлелденбеген. Осыған байланысты қайта тергеп, құрылыс-техникалық және қаржылық-экономикалық екі сараптама тағайындауды сұрады. Сот өтінішхатты қарау үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Кейін қорғау тарапының өтініші қанағаттандырылмай, сот отырысы жалғасты. Бүгін сотта жәбірленуші Гүлнар Қалиева да жауап берді.
ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
— Жоғарыдан кірпіштер жаңбырша құлады. Бір қолыммен басымды жауып үлгердім. Кірпіштің арасынан кеудем қысылып, дауысым әрең шықты. Екі жігіт мені ол жерден сүйреп алып шықты.
Сот отырысы барысында прокурорлар жәбірленушіге қасбетінен кірпіш құлап, Ұлдана Мырзуан зардап шеккен үйдің суреттерін көрсетті. Фотосуреттер арқылы адамдардың қозғалыс бағыты мен құрылыс бөліктері құлаған жер нақтыланды. Гүлнар Қалиеваның айтуынша, қасбет екі рет опырылған. Екінші рет кірпіштермен бірге кондиционердің сыртқы блогы және металл конструкциялар да құлаған. Жәбірленуші тараптың пікірінше, ОСИ төрағасы қауіпсіздік шараларын алдын ала қабылдауға тиіс болған. Сотта сондай-ақ тағы бір жәбірленуші Қалиев пен Ұлдана Мырзуанның оқиға орнына алғашқылардың бірі болып келген әріптесі және басқа да куәгерлерден жауап алынды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал