Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алматы облысында мемлекетке қайтарылған актив халық игілігіне бағытталды. Осылайша кезінде заңсыз бөлініп, мақсатсыз жұмсалып кете жаздаған 23 млрд теңгеге 32 әлеуметтік нысан салына бастады. Қазір соның 29-ының құрылысы аяқталды. Қайтарылған активтердің басым бөлігі денсаулық сақтау саласына бағытталған. Көктерек ауылында ескі медицина мекемесінің орнына жаңа фельдшерлік акушерлік пункт салынды. Ал Қарасай аудандық ауруханасы жөнделді. Бұл мақсатқа 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Сонымен қатар Кеген ауданындағы Жалағаш ауылында жалпы құны 1,1 млрд теңгеге спорт кешені салынады. Қоянқұс ауылындағы кәріз сорғы станциясы қайта жаңғыртылды. Құрылыстың сапалы салынуы мен қаржының мақсатты жұмсалуын прокурорлар қадағалайды.
МАҚСАТ АБИРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРОРДЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:
— Біздің міндетіміз активтерді мемлекетке қайтарумен ғана шектелмейді. Қайтарылған әрбір теңгенің халық игілігіне жұмсалып, өңірдің дамуына қызмет етуін қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан прокуратура аталған жобалардың іске асырылуын сүйемелдеп, құрылыс мерзімдерін, жұмыс сапасын және қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауда.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.