Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алматы облысында жыл басынан бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына 614 мың адам қатысты. Өңірде тұрақты түрде сенбіліктер өткізіліп, тұрғындар, еріктілер және түрлі ұйым өкілдері көшелерді, аулаларды және қоғамдық орындарды тазалап жатыр. Жуырда Алатау қаласының Заречный шағын ауданында таңертеңнен бастап 170-ке жуық тұрғын тазалық жұмыстарына шықты. Олар жол жиектері мен аулаларды қоқыстан тазартып, шөп шауып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Жалпы жыл басынан бері облыста 27 сенбілік ұйымдастырылған. Осы уақыт ішінде 14 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 8 мың гектардан астам аумақ тазартылды. Сондай-ақ 104 мыңға жуық ағаш отырғызылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.