Павлодар облысында оқушылар теплоход бортында ғылыми зерттеу жүргізеді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Павлодар облысында оқушылар сабаққа сыныпта емес, теплоход бортында қатысып жүр. «Фарватер» жүзбелі академиясы балаларға Ертістің табиғаты мен туған өлкенің тарихын зерттеуге мүмкіндік беріп, білімді тәжірибемен ұштастырып келеді. Мұнда оқушылар география, гидрология, археология, геология және картография бағыттарын меңгереді. Сабақ барысында балалар өзенді бақылап, ғылыми зерттеулерге қатысады. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта жобаны кеңейтіп, сапарларды ұзағырақ өткізуді жоспарлап отыр. Жобаға қатысу балалар үшін тегін. Өңірдегі кез келген оқушы қатыса алады.
РАДОМИР КОВАЛЁВ, №11 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ:
— Мен «Фарватер» жүзбелі академиясына үшінші рет қатысып отырмын. Мұндағы сабақ маған өте ұнайды, өйткені туған өлкеміз туралы біліп жатырмыз. Сабақта бәрін түрлі мысалмен түсіндіреді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал