Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ТАМЫЗ КЕҢЕСІ
Жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды. Керісінше көмекші құралға айналады. 500 шағын мектепте ақылды технология сынақ ретінде енгізілмек. Ел президенті қатысқан тамыз кеңесінде тағы не айтылды?
ҰЛДАНА МЫРЗУАН ІСІ
Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот жалғасып жатыр. Қорғаушы кондиционер құлаған ғимаратты қайта тексеруді сұрады. Мақсат – апатқа не себеп болғанын нақтылау. Ал сот не деді?
ТОПЫРАҚ АСТЫНДА ҚАЛДЫ
Үйінді астынан шығарылды. Қарағандыда кәріз қазып жатқан жұмысшыны топырақ басып қалды. Құтқарушылар 23 жастағы жігітті шығарып алып, дәрігерге тапсырды. Траншеядағы қауіпке не себеп болды?
33 ЖЫЛДАН КЕЙІН
33 жылдық үзілістен кейін Арқалыққа алғашқы ұшақ қонды. Жаңғыртылған әуежай қайта жұмысын бастады. Енді қала Астана, Қостанай және Алматы бағытымен байланысады. Ал теміржол қатынасында қандай өзгеріс бар?
КЕМЕДЕГІ САБАҚ
Павлодардағы ерекше сабақ. «Фарватер» жүзбелі академиясында балалар география, археология мен гидрологияны кітаптан емес, тікелей табиғат аясында үйренеді. Ең қызығы, сабаққа қатысу тегін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.