Қостанайлық жасөспірім селфи жасаймын деп тоққа түсті

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Дәрігерлер денесінінің 60 пайыздан астамын күйік шалып, жансақтау бөлімінен бірақ шыққан 15 жасар қостанайлықтың аяқ-қолын аман сақтап қалды. Бір жарым ай бойы жансақтау бөлімінде жатқан ол кәдімгі палатаға ауыстырылды. Мұндай жағдайға жасөспірім теміржол вагонының төбесіне шығып, сельфи жасаймын деп түскен. Кернеуі 27 мың вольт болатын электр тогы оның өне бойынан өткен. Әйтеуір ол осындай ауыр жағдайдан аман қалды. Қазір жасөспірім сөйлей алады, ақырындап орнынан тұрып жүр. Ол сол күнді барынша еске түсіруге тырысты. Болған жағдайдың кейбір тұсын досының айтқаны арқылы біледі. Сол күні жасөспірімдер қалада қыдырып жүрген. Бесінші емхананың маңында жолды қысқартпақ болып, теміржол бойымен өтпекші болады. Сол жерде вагонды көріп, суретке түскісі келген. Сельфиді вагонның төбесіне шығып түссе, әдемі шығады деп ойлапты.
Зардап шеккен бала:
— Досым екеуміз вагонның үстіне шықтық. Мен отырдым. Бір суретке түсіп үлгердік. Кейін досымның айтуынша, мен орнымнан тұрған кезде ток соққан. Содан кейін жерге ұшып түстім. Жерге құладым. Үстімнен от шығып, жана бастадым. Досым өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырды.

Электр тогынан қол-аяғы, ішкі тұсы күйген. Жасөспірім хәлсіз күйде Қостанайдағы балалар ауруханасына шұғыл жеткізілген.
Мирас Елжасов, травматолог:
— Жағдай өте ауыр болды. Есінен танып бара жатты. Тамыр соғысы да, қан қысымы да тұрақсыз. Тәжірибеме сендім. Не болса да ойланып тұратын уақыт жоқ. іске кірістім.
Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресті алдымен. Сосын қол-аяғын кесіп тастамас үшін барын салды. Өйткені мұндай жағдайдан кейін жүріп-тұруы мұң болып, жансыздана бастайды. Оқиғаны полицейден естіген әжесінде ес қалмаған. Алдымен алаяқ хабарласқан болар деп сенбеген.
Әжесі:
— Осында жұмыс істейтін барлық дәрігерге, медбикеге ақ батамды бердім. Басымды иемін. Егер дәрігерлерге тапсырмағанда не болар еді.
Бір сәттік әдемі суретке түсу 15 жастағы жасөспірімнің өмірін қия жаздады. Теміржол вагонының үсті селфи түсіретін орын емес, қауіпті жер екенін Қостанайлық жасөспірім білетін болады. Өйткені оны күйігі жазылғасын ұзақ оңалту кезеңі күтіп тұр.
Айзат Тұрғынбекқызы, Ярослава Богатырева, Виктор Ватажко
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал