Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Сотта бұл нұсқаны куәгерлер растады. Олардың айтуынша, алдымен ғимараттың қасбеті бірінші рет құлаған кезде кондиционерлер түскен. Сондай-ақ куәгер кондиционердің марқұмның басына немесе денесіне тікелей құлағанын айтып тұрған жоқ. Айыптаушы тарап бұл уәждерге сот қана нақты баға беретінін жеткізді. Қазір бұл іс бойынша сот отырысы жалғасып, куәгерлерден жауап алынуда.Төтенше жағдайдан кейінгі жұмыстарға қатысқан құтқарушы да түсініктеме берді. Оның сөзінше, төтенше жағдай туралы хабарлама жедел жәрдемнен түскен. Сондықтан дәрігерлер оқиға орнына құтқарушылардан бұрын жеткен.
Нұрдәулет Әбуов, қала прокурорының көмекшісі:
— Медбикелер келіп адамдарға көмек көрсету кезінде оларға тағы да үйдің қасбеті құлап, жарақат алған деп көрсеткен. Сонымен қатар ол жерде нақты болған оқиғада барлық 5 кондиционер болмаған оның 1 ақ кондиционері солардың биіктігінде болған сонымен қатар ол күә Хасенова Дана ол айтуы бойынша ол жерде кондиционер уже жерде жатқан медбике келген кезде ол кондиционердің жерде жатқанын анық байқаған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.