Алаңды жаңғыртуға бөлінген қаржы теміртаулықтардың наразылығын тудырды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қарағанды облысының Теміртау қаласында әкімдік алдындағы алаңды жаңғыртуға бөлінген қаржының күрт өсуі тұрғындардың наразылығын тудырды. Бастапқыда жөндеу құны 655 миллион теңге деп жоспарланса, кейін сома 1,5 миллиард теңгеге дейін қымбаттаған. Оның үстіне жобаға субұрқақ кірмей қалған. Тұрғындар мұндай қомақты қаржыны алаңды абаттандыруға емес, қаладағы өзекті коммуналдық мәселелерді шешуге жұмсау керек деп есептейді. Өйткені Теміртауда ауыз су мен электр жарығының өшуі, қыста жылудың болмауы сияқты мәселе әлі де бар. Ал қаланың ескі бөлігіндегі саябақтың жөндеуі үш жылдан бері аяқталмаған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал