Ақтөбе облысында егін бітік шықты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Мамандардың сөзінше бұған қолайлы ауа райы мен егіс алқаптарының ұлғайтылуы сеп болған. Қазір өңірде орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Күзгі дала жұмыстарына 1500 трактор, 600 комбайн және 500 жүк көлігі жұмылдырылған. Диқандарға астықты уақытылы жинап алу үшін 8 мың тонна дизель отыны бөлінді. Биыл көктемде аймақта дәнді дақылдар 435 мың гектар алқапқа егілді. Ал майлы дақылдардың көлемі – 84 мың гектар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп. Ал картоп, көкөніс және бақша дақылдары 6 мың гектар жерге себілген. Бүгінде алқаптардың 30 проценті жиналды. Орташа өнімділік гектарына 14 центнерді құрап отыр.
Нұрбек Райымбаев, Ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
— Көбісі экспортқа шығарылады. Осы Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Әзербайжан елдеріне экспортталады. Орталық Азия елдеріне дәнді дақылдарды жинау қыркүйек айының екінші он күндігінде аяқталады деп күтілуде.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал