Алматыда дәрігерлер ЖИ көмегімен сүт безі мен өкпе обырын ерте анықтап жатыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Ақылды жүйе мыңдаған кескінді саралап, күмәнді өзгерісті дәрігердің назарына ұсынады. Сүт безінің қатерлі ісігі – әйел арасында жиі кездесетін онкологиялық ауру. Сондықтан оны дер кезінде анықтау аса маңызды. Өйткені емнің нәтижесі көбіне аурудың қай кезеңде анықталғанына тікелей байланысты. Алматылық мамандардың айтуынша, заманауи технология, оның ішінде жасанды интеллект диагностиканың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Цифрлық жүйе маммография нәтижесін талдап, адамнан күмәнді өзгеріс байқаса, қосымша тексеруді қажет ету керектігін ескертеді.
Жандос Аманқұлов, ядролық медицина орталығының басшысы:
— Жасанды интеллект тек сүт безін тексеруде ғана қолданылмайды. Цифрлық технологияның тағы бір маңызды бағыты – ол өкпе обырын да ерте анықтай алады.
Елімізде жыл сайын қатерлі өкпе ісігінің 38 мыңнан астам жағдайы анықталады. Ал науқастың дені дәрігерге ауру асқынып кеткен кезде жүгінеді екен. Осы дертті ерте анықтау үшін елімізде төмен дозалы компьютерлік томография енгізіліп жатыр. Ол профилактикалық скрининг аясында жүргізіледі.
Жандос Аманқұлов, ядролық медицина орталығының басшысы:
— Бір науқастың төмен дозалы компьютерлік томография зерттеуінде 400-500-ге дейін кескін болуы мүмкін. Осынша ақпаратты ұзақ уақыт талдау кезінде дәрігердің шаршауы салдарынан өте ұсақ түйіндердің байқалмай қалу қаупі бар. Ал жасанды интеллект қайталанатын жұмыстарды автоматтандырып, зерттеу нәтижесін талдауды жылдамдатуға көмектеседі.
Жасанды интеллектінің онкологиялық аурумен күрестегі рөлі артып келеді. Дегенмен соңғы шешімді дәрігер қабылдайды. Дегенмен ақылды жүйе індетті мүмкіндігінше ерте анықтап, дер кезінде ем бастауға мүмкіндік береді.
Самат Қайырденұлы, Альбина Өнербаева
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал