ШҚО-да көпқабатты 47 тұрғын үй құлағалы тұр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Соған қарамастан 910 тұрғын әлі күнге дейін өмір сүріп жатыр. Алдағы үш жылда 200-ден астам отбасыны жаңа баспанаға көшіру жоспарланып отыр. Мәселен, Риддер қаласындағы тұрғын үйдің басым бөлігі 70 жыл бұрын тұрғызылған. Ғимараттың көтергіш конструкциясы тозып, тұрғындарға қауіп төндіргендіктен сүріліп жатыр. Осыған байланысты Риддерде ескі шағын ауданды жаңғырту жобасы басталды. Ескісінің орнына жаңасы салынады. Ал қаланың шет жағында бюджет есебінен жер телімі бөлініп, бір қабатты үй бой көтереді. Алайда бұл жоспар толық жүзеге асқан жоқ. Былтыр өңірде қаржының жеткіліксіздігінен ескі үйлерден жаңа пәтерге 61 отбасыны көшіру жоспарланған еді. Биыл 26 отбасы ғана қоныс тойын тойлады.
Александр Голомидов, Риддер қаласының тұрғыны:
— Үй әрі қарай құлап жатыр. Әрине, қорқынышты. Подъезден шыққан сайын шатырдың құлап жатқанын көресің.
Думан Рахметқалиев, Риддер қаласының әкімі:
— Соңғы екі жылда біз бір қабатты үйлер салып жатырмыз. Бірақ келесі жылдан бастап көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын бастаймыз. Барак үлгісіндегі үй өте көп. Сондықтан қайта салу керек бәрін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал