Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Мұнда кәдімгі үй құстарының орнына тауыс, қырғауыл, түйеқұс және басқа да сирек кездесетін құстар мекендейді. Барлығы лимон түсті қырғауылдан басталған. Зейнетке шыққаннан кейін Ғалиолла Ғабайдуллин ауласына алғашқы ерекше құсты әкелген. Бүгінде оның құс қораларында сирек кездесетін 20-дан астам экзотикалық құс түрі бар. Африкалық түйеқұстар, корольдік қырғауылдар, калифорниялық бөденелер. Үй иесінің айтуынша, құстармен араласу өзіндік экотерапия: оларға күтім жасау адамның сабырын сақтап, көңіл күйін көтереді. Осы жылдар ішінде ол әрбір құсының мінезі мен ерекшелігін түсінуді үйренген. Павлодардың қатал климатында экзотикалық құстарды ұстау оңай емес. Сондықтан Ғалиолла Ғабайдуллин құстардың жергілікті ауа райына бейімделуіне көмектесетін өзіндік шынықтыру жүйесін жасаған. Ерекше құстарды кез келген адам келіп көре алады – үй иесі өз құс ауласына қонақтарды қуана қабылдайды. Биыл күзде ол мұнда сәндік және экзотикалық құстардың жаңа түрлерін әкелуді жоспарлап отыр.
Ғалиолла Ғабайдуллин, Павлодар қаласының тұрғыны:
– Алғашқы жылы құс далада емес суық гаражда, немесе суық қорада бағылады. Екінші жылы қыс кезінде сыртта қалдырамын. Өйткені бұл құстың барлығы орман құсы. Сондықтан олар қысқа бейімделген. Бірде бір шығын болған жоқ. Ал оңтүстіктен құс әкеліп, оны Павлодарға орналастырсаңыз, көп тұрмайды. Себебі олардың қауырсынының өзі де өзгеше.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.