Баланы мектепке дайындау қанша тұрады? | 27.08.2026

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

СЕЛФИДІҢ СОҢЫ
Селфи жасаймын деп өліп қала жаздады. Қостанайлық жасөспірім вагонның үстіне шығып, сурет түсірмек болған. Электр тоғы соғып, оқушы денесінің 60 пайызы күйіп қалды. Қазір дәрігерлер оның аяқ-қолын кесіп тастамас үшін жанталасып жатыр.

СУБҰРҚАҚ НЕГЕ СУАЛДЫ?
Суалған субұрқақ. Сынған орындық. Қираған қоршау. Оралда 10 жыл бұрын ашылған саябақтың сиқы осындай. 1,5 миллиард теңгеге салынған демалыс алаңы неге қараусыз қалды? Қайта қалпына келтіруге қанша қаржы керек?

ЦИФРЛЫҚ ТӨЛЕМГЕ ЖЕҢІЛДІК
Елімізде QR-кодпен төлем жасалса, қосымша құн салығы алынып тасталуы мүмкін. Телефон нөмірі арқылы ақша аудару мен басқа да цифрлық төлемге де жеңілдік қарастырылмақ. Бұл мәселені Қаржы министрлігі зерттеп жатыр.

ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ
Дәптер, қалам, сөмке, мектеп формасы. Ата-ана баласын мектепке жинап жатыр. Тілшіміз дүкен аралап, сабаққа қажетті тауардың бағасын есептеп көрді. Ал әлеуметтік жағдайы осал отбасыға қандай көмек қарастырылған?

ТАУЫС ПЕН ТҮЙЕҚҰС
Кәдімгі үйдің ауласы экзотикалық мекенге айналды. Мұнда тауыс, қырғауыл, алып түйеқұс та жүр. Сирек кездесетін құс Павлодардың қақаған қысына қалай төтеп береді? Құс баптаушы тұрғынның ерекше әдісін айтамыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал