Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
«Ата заңға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады. Сондықтан Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң, мен өздеріңізге Вице-Президенттің және Премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін. Содан кейін сіздермен ақылдасып, Үкімет мүшелерін тағайындаймын. Сонымен қатар жаңа лауазымды – Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын. Құрылтай мен Үкімет құрамы толық айқындалған соң жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын», — деді Мемлекет басшысы.
Ал бүгін алғашқы сессиясын өткізіп, төрағасы мен оның орынбасарлары сайлаған Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылды. Олардың төрағалары болып Серік Егізбаев, Үнзила Шапақ, Марат Қожаев, Әмірбек Оспанбеков, Асхат Аймағамбетов, Ольга Перепечина, Дархан Ахмедиев, Наталья Годунова сайланды. Сонымен қатар Президент қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталатынын айтты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Бұл – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Шын мәнінде, бұл – бірегей орган. Осылайша, қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институты жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін береді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.