Непалда саяхаттап жүрген екі қазақстандықтан хабар жоқ

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Әлемде не жаңалық? Непалда саяхаттап жүрген екі қазақстандықтан әлі хабар жоқ. Еуроодақ пен Қытай арасындағы сауда дауы күшейді. Ал Трамп Онтарио көлінің атауын өзгертті. Дубайда роботтар үй салып жатыр.
Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апаттан екі қазақстандық зардап шеккен болуы мүмкін. Олардың бірі туристік топпен бірге шекарадан өткен. Қазір дипломаттар жергілікті құтқару қызметімен бірлесіп іздестіріп жатыр. Табиғи апат салдарынан лай мен су ағыны елді мекендерді басып, үйлер, жол мен көпірлер қираған. Жүздеген адам қаза тауып, тағы жүздеген тұрғын хабар-ошарсыз кеткен.
Еуропалық Одақ пен Қытай арасындағы сауда қайшылығы күшейіп келеді. Брюссель Қытайдың мемлекеттік субсидия мен тауарларының Еуропа нарығына көптеп шығуына алаңдаулы. Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, соңғы бес жылда Қытайдан ЕО-ға импорт 45 пайызға өскен. Брюссель Пекинмен диалогты жалғастыруға дайын, алайда келіссөздер нәтиже бермесе, сауда-қорғаныс шараларын күшейтуі мүмкін. Ал Қытай мұндай қадамға жауап беруі ықтимал.
АҚШ пен Канада арасындағы экономикалық қақтығыс бизнес саласымен ғана шектелмеді. АҚШ президенті Дональд Трамп Онтарио көлінің атауын «Америка көлі» деп өзгертті. Оттава бұл шешімді сынға алды. Канада премьер-министрі Марк Карни көлдің тарихи атауы мәңгі сақталатынын мәлімдеді. Айта кетейік, сауда қақтығысы екі елдің бір-бірінің тауарларына 50 пайызға дейінгі жоғары баж салығын енгізуінен кейін күшейді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал