СҚО-да дәрігерге қол көтерген 51 жастағы науқасқа қатысты іс қозғалды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Солтүстік Қазақстан облысында дәрігерге қол көтерген 51 жастағы науқасқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға Петропавл қаласындағы №1 емханада болған. Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше қабылдауға келген азамат ақ халатты жанмен сөзге келіспей қалады. Медицина қызметкерінің ескертуіне ер адам агрессивті жауап беріп, артынша тіпті жұдырық ала жүгіргені белгілі болды. Осылайша, дәрігерге күш қолданған сезіктінің әрекеті қазір тергеп-тексеріліп жатыр. Оның кінәсі дәлелденсе, күдікті 3 жылға дейін сотталуы мүмкін. Жалпы, бұл – жыл басынан бері өңірде медицина қызметкеріне күш қолдануға қатысты тіркелген екінші факті. Естеріңізде болса, алғашқысы Шал ақын ауданында болған еді. Жол-көлік апатына түскен жанға көмек көрсетіп жатқан медицина қызметкерін мас адам сабаған. Ол 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
ЖЕҢІС ТЕМІРБЕКОВ, ПД АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— 51 жастағы азамат жауапкершілікке тартылды. Нақты факті бойынша Петропавл қаласының полиция басқармасымен алдын ала тергеу басталды. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Аяқталған соң, қылмыстық іс сотқа жолданады. Қылмыстық кодекстің 380-3 бөлігі бойынша үш жылға дейінгі бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастылған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал