Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Шығыс Қазақстандағы мектептерде қауіпсіздік тексеріліп жатыр. Жаңа оқу жылы қарсаңында мамандар 200-ден астам білім ордасын тексеріп, өрт қауіпсіздігіне қатысты 2 мыңнан аса кемшілік анықтаған. Сонымен қатар полиция бейнебақылау камерасы мен дабыл түймесін тексеріп, мектеп маңындағы жол белгілері мен жасанды жол кедергілерінің болуына да назар аударды. Себебі Өскемен қаласындағы 30 мектеп жолдың дәл бойында орналасқан. Тексеру нәтижесінде жергілікті атқарушы органдарға 150 нұсқама берілген.
СЕРГЕЙ КОВАЛЕНКО, ПБ ЖОЛ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
— Өткен жылы балалардың қатысуымен 153 жол-көлік оқиғасы болды. Өскемен қаласында 66 жол апаты тіркелген. Биыл жол апаты 15,5% төмендеді. Бұл – қабылданған шаралардың нәтижесі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.