Ұлытау облысында Арнайы мемлекеттік қордың есебінен екі мектеп салынды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қаражал қаласы мен Манадыр ауылында бір мезетте екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Аталған әлеуметтік нысандардың құрылысы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды. Осылайша аймақтағы оқушылар үшін жаңа оқу жылы қуанышты жаңалықпен басталмақ. Білім ошақтарының әрқайсысы 80 оқушыға шақталған.
Кезінде шетелге заңсыз шығарылған қаражат енді әлеуметтік нысан түрінде елге қайтып жатыр. Ұлытау облысында Арнайы мемлекеттік қордың есебінен екі мектеп салынды. Екі оқу ошағы да 80 оқушыға арналған. Қаражал қаласындағы жаңа мектеп Вокзал шағынауданында орналасса, екіншісі Жаңаарқа ауданының Манадыр станциясында.

МАРАТБЕК ТӨРЕБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А:
— Қаражал қаласына келетін болсақ, 1 млрд 280 млн теңгеге салынып бітті. Манадыр ауылындағы мектептің құны – 1 млрд 243 млн теңге. Енді бұл қаражаттардың бізге маңыздылығы – әлеуметтік мәселелерді шешу және балалардың сапалы және қауіпсіз ортада білім алуына жағдай жасау.
Шағын ауыл үшін жаңа мектептің ашылуы – көптен күткен қуаныш. Енді балалар жолға уақыт жоғалтпайды, ал ата-аналар да көрші ауылға сабылмайды. Ең бастысы, жаңа мектеп оқушыларға заманауи стандартқа сай білім береді.

ЖАННҰР ОҢҒАРОВА, ЖАҢААРҚА БІЛІМ БӨЛІМІ МЕТОДИКАЛЫҚ КАБИНЕТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
— Бұл – білім сапасының артуына және оқушылардың жайлы, жаңа мектепте алаңсыз оқуына бағдарланған өте маңызды әлеуметтік жоба. Мемлекет қаражатының тиімді пайдаланылуы, тиімді жерге бөлінуі тұрғылықты жердің инфрақұрылымын дамытуға және балалардың сапалы білім алуына үлкен септігін тигізбек.

УЛЬЯНА ПИЧКУЛЁВА, ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Қала үшін жаңа мектеп салынды деген жақсы жаңалық болды. Балаларымыз енді алысқа қатынамайды. Жанымызда заманауи әрі қауіпсіз мектебіміз бар. Әрине, құрылыс уақытында аяқталып, балалардың онда тезірек оқығанын қалаймыз.
Осылайша қайтарылған қаржы ел игілігіне жарап жатыр. Жемқордың қалтасында кетпей, бұл ақша енді ауыл балаларының болашағына қызмет етеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал