Павлодарда трамвайлар жаңартылып жатыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Павлодарда қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Автобустардан кейін енді трамвайлар да жаңартылмақ. Биыл жазда қала бағыттарына 10 жаңа вагон шықты. Ал келесі жылы билік отандық өндірістегі тағы 65 трамвай сатып алуды жоспарлап отыр. Оған 49 миллиард теңге қарастырылған. Жаңа вагондар Қарағандыда құрастырылады. Оларды қаржылық лизинг арқылы сатып алу көзделген. Павлодарда трамвайлар жыл бойы қатынап, қоғамдық көліктің ең сұранысқа ие түрлерінің бірі болып қала береді.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда трамвай қозғалысы тек үш қалада — Өскемен, Теміртау және Павлодарда бар. Мамандардың айтуынша, Павлодарда гибридті трамвайлар қатынайды. Олар байланыс желісінен қуат алып қана қоймай, орнатылған аккумуляторлардың арқасында автономды режимде де жүре алады.
МУСЛИМ МАХМУДОВ, «ПАВЛОДАР ТРАМВАЙ БАСҚАРМАСЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
— Егер байланыс желісінде немесе тартқыш қосалқы стансаларда апатты жағдай болып, электр қуаты өшіп қалса, трамвай тоқтап қалмайды. Ол бірден автономды жүріске ауысып, сол параметрлермен қозғалысын жалғастыра береді. Бұл өте тиімді. Бізде 10 жаңа трамвай бар. 20 шақырымнан аса қашықтықты еркін жүреді. Толық сынақтан өткіздік.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал