Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Жаздың соңғы күндері артта қалып, күздің ызғары сезіле бастады. Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы салқындап, күндіз ауа температурасы төмендейді. Түнгі уақытта кей жерлерде үскірік жүреді. Ал оңтүстікте жазғы жылу әлі де сақталады: ауа температурасы 35 градусқа дейін жетеді. Батыс өңірінде де күн жылы болмақ. Яғни жаздың соңғы күндері бір өңірде жылы болса, енді бірінде күздің алғашқы лебі сезіледі.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— 29 тамызда Ақмола және Қостанай, Қарағанды облыстарында, 30-31 тамызда Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр күтіледі. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы еліміздің батысында күндіз ауа температурасы 18-23 градустан 25-30 градусқадейін көтеріледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.