Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ҚҰРЫЛТАЙ ІСКЕ КІРІСТІ
Бұл – өткенді көксеу емес, бұл – тарихи сабақтастықты сақтау. Президент Құрылтайдың жаңғыруы туралы осылай деді. Үкімет отставкаға кетті. Ал жаңа депутаттар ант қабылдады. Ел Президенті қатысқан бірінші Құрылтайдың бірінші сессиясы несімен есте қалды?
ҚОС ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАН ХАБАР ЖОҚ
Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апаттан екі қазақстандық зардап шеккен болуы мүмкін. Олардың бірі туристік топпен бірге шекарадан өткен. Қазір дипломаттар жергілікті құтқару қызметімен бірлесіп іздестіріп жатыр.
ЕМ АЛУҒА БАРЫП, СОТҚА КЕТТІ
Дәрігерге қол көтерген науқас. Петропавлда емхана дәлізіндегі жанжал төбелеске ұласып, 51 жастағы ер адам терапевттің бетінен ұрған. Қылмыстық іс қозғалып жатыр. Енді науқас ем алудың орнына сот алдында жауап береді.
ТРАМВАЙ ТОҚТАМАЙДЫ
Павлодарда трамвай тоқтамайды. Қазір қала көшесінде 10 жаңа рельсті көлік жүр. Келесі жылы тағы 65 трамвай әкелу жоспарланған. Қоғамдық көлік электр желісі өшіп қалса да, аккумулятор қуатымен қозғалысын жалғастыра алады.
ЖАЗДЫҢ СОҢҒЫ КҮНДЕРІ
Жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Еліміздің біраз өңірінде күн суытады. Алдағы аптада ауа райы қалай өзгереді? Қай өңірде жауын-шашын болады? Температура қанша градусқа төмендейді? Синоптиктер болжамын айтамыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.