Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Қарин Вице-Президент лауазымына тағайындалды.
Ерлан Қарин 1976 жылы Түркістан облысының Ақсу ауылында дүниеге келген. Саяси ғылымдар кандидаты. Әр жылдары Президенттің кеңесшісі және көмекшісі, Мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарған, ал 2022 жылдың маусымынан бастап Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі болды. Бұл лауазым жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін таратылды. Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Қарин Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Сондай-ақ Президент Жарлығымен Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына қайта тағайыналды. Ол 1980 жылы Алматыда дүниеге келген. Әр жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары және төрағасы қызметтерін атқарған. 2023 жылы Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ал 2024 жылы еліміздің Премьер-министрі қызметіне кірісті.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарды. Әр жылдары Алматы қаласының Ішкі саясат департаментінің директоры, Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2020-2022 жылдары Ақпарат министрі болды. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінде басшылық қызметтер атқарды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.