Вице-президент, Премьер-министр және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына міндеттер жүктелді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Вице-президент пен Премьер-министрді және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарын қабылдалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды. Вице-президентке Құрылтай, Үкімет және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында, Мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды.
Ал Премьер-министрге Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты міндеттерін айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді. Экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және азаматтардың әл-ауқатын дәйекті түрде жақсарту қажет екеніне назар аударды.
Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаеваға Кеңес Аппаратының құрылуына байланысты басым міндеттер жүктелді. Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін жаңа мемлекеттік орган ұлттық қауіпсіздікті, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал