Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Каспий теңізінде серуендеу катері жартасқа соғылды. Апат салдарынан екі адам қаза тапты. Оқиға Ақтау қаласының 5А шағын ауданындағы «Нұртөбе» бизнес-орталығы маңында болған. Катер бортында 7 адам болған. Құтқару жұмыстары барысында 5 адам жағаға шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қалған екі адамның құтқару кеудешесі болмаған. Іздеу-құтқару жұмыстары кезінде жағалаудан шамамен 500 метр қашықтықтан екі адамның денесі табылып, судан шығарылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.