Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алматыда электр самокатын мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты. Ол түнде самокатпен келе жатып, бордюрге соғылып құлаған. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Полицияның мәліметінше, ол жеке самокатпен жүрген және шлем кимеген. Айта кетейік, жаңа ережеге сәйкес, самокатпен тротуарда жүруге болмайды. Самокатшылар веложолмен немесе көлік жолының оң жақ шетімен жүруі тиіс. Сонымен қатар жүргізуші куәлігі, қорғаныс құралдары және түнгі уақытта жарық шағылыстыратын белгілер болуы міндетті.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Азамат қарапайым сақтық шараларын танытпаған, өзінің сақтық дулығасы болмаған. Сонымен қатар басқа да сақтық құралдары, жабдықтары болмаған. Қазіргі таңда аталмыш дерек бойынша тергеу жүргізіліп, басқа да мән-жайлар анықталып жатыр. Тамыздан бастап электросамокаттарды пайдалануға бағытталған жаңа заң күшіне енген болатын. 5 күннің ішінде 1500-ге жуық құқықбұзушылық анықталып, 500-ден аса электросамокат арнайы айып тұрағына қойылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.