Соттарда алаяқтық істерін қайта қарау жиілеген

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Соттарда алаяқтық істерін қайта қарау жиілеген. Алқа отырысында биылғы жартыжылдықта сот актілеріне 3 мыңнан астам шағым түскені айтылды. Түскен арыздар бойынша 1310 адамның ісі қайта қаралды. Нәтижесінде, 137 азаматтың сот шешімі толығымен жойылды. Жиында ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың өршіп тұрғаны айтылды. Атап айтқанда, хаккерлік шабуылдар, ақпараттық жүйелерді бұзу, зиянды бағдарламалар мен вирустарды тарату, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі мәліметтерді ұрлау, бұрмалау көбейген. Қылмыстық іс-әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың немесе мемлекеттің мүдделеріне елеулі зиян келтіріп жатыр. Олардың ішінде халыққа қызмет көрсету орталығының маманы да бар.
САМАТ МЫРЗАХМЕТОВ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ:
— Қызмет алушының жеке тұлғасын сәйкестендірместен, құжаттардың шынайлығын тексерместен, жүгініп отырған тұлғаның жеке басын анықтау мүмкін болмайтындай етіп, суретке түсіріп Стараженко деген шетел мемлекетінің азаматының өтінішін қабылдап, ақпараттық жүйеге көрнеу ақпараттар енгізіп, қылмыстық әрекеттер жасаған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал