Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Елімізде 15 қыркүйектен жаппай тұмауға қарсы тегін екпе басталады. Вакцина балаларға, жетім балаларға, медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдерге, педагогтерге, әскери қызметшілерге, созылмалы ауруы бар және 65 жастан асқан адамдарға ерікті түрде салынады. Тұмауға қарсы екпені тұрғылықты жер бойынша емханадан салдыруға болады. Ал қазан айынан бастап медицина қызметкерлеріне маска тағу режимі енгізіліп, тұмау және коронавирус бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі.
ТЕМІРЛАН СЕЙІТБЕК, СЭБД КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:
— Алдағы эпидемиялық маусымда халықтың неғұрлым осал топтарын кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде иммундау үшін бірыңғай дистрюбютор грипо+ вакцинасының 2,1 млн дозасын сатып алынған болатын. Тұмауға қарсы вакцинациялауға жататын азаматтардың тізімдері медициналық ұйымдарда учаскелік қағидат бойынша қауіпті топтарға жататын тіркелген халықтың негізінде қалыптастырылады. Азаматтарды хабардар ету мақсатында учаскелік медицина қызметкерлері тізімге енгізілген адамдрға хабарласып, вакцинацияға шақырады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.