Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Атырауда «Таза жағалау» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, Жайық өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды. Сенбілікке өңірдегі кәсіпорын қызметкерлері мен еріктілер қатысты. 300-ге жуық адам «Жұмыскер» ықшам ауданы маңындағы өзеннің 10 шақырым жағалауынан 15 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жинады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін нығайтады.
РАМАЗАН САЛЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
— Атырау облысы бойынша экология департаменті «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы төңірегінде «Таза жағалау» жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл шаралар бізде жиі жүргізіліп отырады. Өзіміз басты ұйымдастырушы ретінде ірі кәсіпорындарды тартып, бірлесіп жұмыстар атқарамыз. Шығарылған қоқыстар арнайы қоқыс орындарына жеткізіледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.