Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қазгидромет тағы да дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның солтүстігінде үсік жүріп, тұман түседі. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Ал оңтүстікте жауын-шашынсыз, аптап ыстық сақталады. Қазгидромет мамандары күздің алғашқы айында күн райы қандай болатынын болжады.
АРУНА ӘСКЕРБЕК, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ:
— Қыркүйекте солтүстік және шығыста, республиканың орталығында Солтүстік циклон шұңқырының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Кезең ішінде Алматы облысының таулы аудандарында найзағай мен бұршақ жауады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.