Алматылық тұрғын электросамокаттан құлап, мерт болды | 31.08.2026

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

АУЫС-ТҮЙІС
Президенттің қатысуымен Құрылтай отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысы Вице-президент, Премьер-министр және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарын ұсынды. Депутаттар кандидаттарға дауыс берді. Сонымен ауыс-түйіс қалай өрбіді?

ТЕҢІЗГЕ КЕТТІ
Ақтауда серуен катері жартасқа соғылды. Бортта 7 адам болған. Екеуі апаттан көз жұмды. Құтқарушылар аман қалғандарды Каспий жағасына шығарып, дәрігерлерге тапсырды. Олардың көбі құтқару бешпетін кимеген көрінеді. Қайғылы оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

САМОКАТТАН ҚҰЛАДЫ
Алматыда 44 жастағы тұрғын электросамокаттан құлап, оқиға орнында мерт болды. Ол жүгенге ие бола алмай, бордюрге соғылған. Полиция дерегінше, ер адам басына шлем кимеген және басқа да жеке қорғаныс құралдары болмаған.

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ
15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады. Оған дейін медициналық ұйымдар вакцина алатындардың тізімін әзірлеуі керек. Екпе, ең алдымен, жас балалар, мектеп оқушылары, жүкті әйелдер, егде жастағы және созылмалы ауруы бар адамдарға салынады.

ҮСІК ЖҮРЕДІ
Қазгидромет тағы да дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның солтүстігінде үсік жүріп, тұман түседі. «Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Ал оңтүстікте жауын-шашынсыз, аптап ыстық сақталады», — дейді маманар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал