«Палау орталығындағы» өртке қатысты сот отырысында күдіктілер соңғы сөзін айтты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Щучинскідегі «Палау орталығында» болған өртке қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. 12 адам қаза тапқан қайғылы оқиға биыл ақпанда болған еді. Қылмыстық іс бойынша үш адам күдікті ретінде сот алдында жауап беруде. Олар: дәмхана иесі, газ құю бекетінің директоры және баллон толтырушы. Соттың өтіп жатқанына бірнеше ай болды. Бірақ трагедияға нақты кімнің кінәлі екені әлі белгісіз. Прокурорлар айыптаушыларға алты және жеті жыл жаза кесуді сұрады. Сотталушылар соңғы сөзін айтып, қайтыс болғандардың етжақындарынан кешірім сұрады.
ХАСАН МУСХАЖИЕВ, СОТТАЛУШЫ, ДӘМХАНА ИЕСІ:
— Тергеу барысында болған жағдайды анықтау үшін прокурор мен тергеушіге барынша көмектестім. Қазір сот процесі кезінде менің кінәм дәмхана жұмысына тиісті деңгейде бақылау жасамағанымда екенін түсініп отырмын. Атап айтқанда, өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған. Сонымен қатар «Центр плова» дәмханасының барлық құжаты мен жұмысын басқарушыға сеніп тапсырып, оған жеткілікті назар аудармадым. Болған жағдай үшін барлығынан кешірім сұрағым келеді және бұған шын жүректен өкінемін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал