Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Amanat Drive қаржы пирамидасының басшыларына үкім шықты. Негізгі күдікті 8 жылға, тағы бір айыпты 1 жылға сотталды. Олар азаматтарға жылжымайтын мүлік пен автокөліктерді тиімді шартпен сатып алуға кеңес берген. Яғни пайызсыз және бөліп төлеу мүмкіндігін ұсынған. Осылайша, пирамидаға 8 мыңнан астам салымшы тартылған. Олардың салған қаражатының жалпы көлемі 21 миллиард теңгеден асады. Алайда күдіктілер жиналған ақшаға екі пәтер және қымбат үш көлік сатып алған. Кейін мүлікті жасыру үшін сенімді адамдардың атына рәсімдеген.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Аталған компаниялар жарнама қызметі, жылжымайтын мүлік, көлік нарығын талдау мен болжау сияқты қызметтердің жалған жеткізушілер ретінде әрекет еткен. Жалған шарттар негізінде 1,8 миллиард теңгеден астам қаражат шығарылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қонаев қаласының соты Amanat Drive қаржы пирамидасының басшыларына қатысты үкім шығарды. Шүкен К.К. кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Үрәтбек М.С. 1 жылға бас бостандығынан айырылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.